Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Тәжікстанға 100 ИВЛ құрылғыларын жібермек: Вице-министр желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Қазақстан Тәжікстанға ИВЛ құрылғылар арқылы гуманитарлық көмек көрсететін болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында вице-министр Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ИВЛ

Вице-министр әлеуметтік желіде тараған бұл ақпараттың шындыққа жанасатынын айтты. Бұл құрылғылар жедел жәрдем көлігіне арналған көрінеді.

"Қазіргі таңда барлық мемлекеттер бір-біріне көмектесіп жатыр. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстанның тарапынын Тәжікстанға ИВЛ құрылғылары арқылы гуманитарлық көмек жасау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл жылдың соңына дейін дайындалады. Ескерте кеткім келеді, бұл құрылғылар портативті  аппараттар. Бұл адамдарды жедел жәрдем көлігінде тасымалдау үшін қолданылады", - дейді вице-министр.

ИВЛ құрылғыларды отандық өндіруші шығарып жатыр. Жылдың соңына дейін еліміз де толық қанды ИВЛ аппараттарымен қамтамасыз етіліп, Тәжікстанға көмек көрсетуге мүмкіндігі болады. 

"Олар Ақмола облысында орналасқан отандық өндірушінің ұсынған құрылғылары. Портативті аппараттармен қатар, өндіруші стационарлық ИВЛ құрылғыларын өндірумен айналысуда. Түрік компаниясымен бірлесе отырып, құрылғы шығаруды дамытып жатырмыз. Жылдың соңына дейін өндіруші еліміздегі барлық ауруханаларды толық қамтамасыз ететін болады", - дейді Бюрабекова. 

Талқылау
Пікір
koshqar
15 Шіл, 20 жыл - 16:39

Как будто бизде артылып жаткандай, болинген млрдтарды аитеур арттарын осылай жабу керек отчет матчет туралап жаткан сиакты,😠😠😠

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр