Мәдениет министрі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына шетел әншілерін шақыртудан бас тартты
Еліміз тәуелсіздігімізге ширек ғасыр толу мерекесін 25 күн бойы атап өтпек. Мерейтой туралы алғашқы ақпараттарды бүгін арнайы мемлекеттік комиссия жариялады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Сурет kapital.kz
Комиссия құрамына жазушылар, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер кірген. Қазірде салтанатты шаралар тізбегі бекітіліп жатыр. Жүзге тарта ірі шаралар тек үлкен қалаларда ғана емес, ауылдарда да өткізіледі. Ұйымдастырушылар үлкен шерулер, концерттер, флешмобтар, көрмелер және спорттық сайыстар өткізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, ҚР мәдениет министрлігі іс-шараларға қатысты бюджет шығынын азайту үшін тек отандық әншілерді тартып, техникалық жұмыстарға еріктілерді жұмылдырмақ.
“90-шы жылдардағы қиын кезеңдер менің есімде бар. Мұның бәрін бастан өткердік. Қазір ұрпақ өсіп, есейіп келе жатыр. Біздің болашағымызға сенімсіздікпен қараған сәттер артта қалды”, – деді “Қазақстанның азаматтық альянсы” жетекшісі Нұрлан Ерімбетов.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген