Қазақстан Ташкентте өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан спортшыларының үш алтынды иеленгенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ташкентте 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан 5-ші Азия чемпионатында Анастасия Колода – 400 метрге кедергілермен жүгіру, Иван Сенинг – онсайыс, Ирина Конищева – жетісайыстан алтын алды.
Жарысқа 29 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында 58 спортшы қатысқан.
Қазақстан құрамасының бес спортшысы қола жүлдені жеңіп алды: Нұрдәулет Маман – найза лақтыру, Якименко Елизавета – үш қарғып секіру, Григорьева Богдана – 3000 метр секіру, Максим Балабин – сырықпен секіру, Мұхаметқали Реза – сырықпен секіру.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"

