Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін" атты еңбектің бірінші том бекітілді

Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінге дейін

Фото: Ақорда

Алматыда мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен “Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін” атты жеті томдық академиялық басылымға қатысты  редакция алқасының отырысы өтті. Редакция алқасы бірінші томды бекітіп, оны басып шығаруға әзірлеу туралы ортақ шешім қабылдады. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жиында редакция алқасы академиялық басылымның екінші томының мазмұнын талқылады.

Авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Болат Көмеков басылымның тұжырымдамасы, мазмұны және құрылымы туралы баяндап, “Түрік дәуірі” деп аталатын екінші томның ерекшеліктері мен жаңалықтарын атап өтті.

“Ұлттық ғылым академиясының академиктері Мәмбет Қойгелдиевтің, Оразақ Смағұловтың, тарих ғылымдарының докторлары Еркін Әбілдің, Айболат Көшкімбаевтің, Галина Ксенжиктің рецензиялары тыңдалды. Сондай-ақ Меруерт Әбусейітова, Бүркітбай Аяған, Айгүл Сәдуақасова, Жақсылық Сәбитов, Радик Темірғалиев, Дихан Қамзабекұлы, Ақан Оңғар, Күлғазира Балтабаева, Нұрсан Әлімбай, Зиябек Қабылдинов, Жәкен Таймағамбетов сияқты редакция алқасының өзге мүшелері де оз ойын ортаға салды”, – деп жазды Ақорда.

Жиын соңында редакциялық алқа “Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін” атты жеті томдық академиялық басылымның екінші томын жетілдіру жұмысын жалғастырып, келесі отырыста басылымның үшінші томын қарастыру жөнінде шешім қабылдады.

Айым Болатқызы
Сенбі, 02 Тамыз, 2025 18:30
Талқылау
`