Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан "Тальго" вагондарынан бас тартты


Фото: ҚТЖ

Қазақстан "Тальго" вагондарынан бас тартып жатыр. Жаңа вагондар сатып алу жоспарланбаған, ал қолданыстағылары пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов айтып берді.

Тайжановтың айтуынша, қазір 14 бағыт бойынша "Тальго" үлгісіндегі 14 құрам жүріп тұр. Барлығы шамамен – 732 вагон. 2023 жылдан бастап Қазақстанда бұл вагондардың өндірісі тоқтатылған.

"Тальго" вагондары шығарылған зауыт сатып алынды және енді Stadler вагондарын шығарады. Жаңа "Тальго" вагондарын сатып алу жоспарда жоқ, қазіргі құрамдар пайдалану мерзімі біткенге дейін қызмет етеді", – деді комитет төрағасы.

Тайжановтың айтуынша, басты назар отандық өндірістегі вагондарды сатып алуға бағытталған.

Бүгінде Қазақстанда екі зауыт – ЗИГ-100 және Stadler Kazakhstan жұмыс істейді.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда теміржол вокзалдарын жаппай қайта жаңарту басталғанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 29 Мамыр, 2025 18:56
Талқылау