AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Сурдлимпиада ойындарында алтын алды

Бразилияда өтіп жатқан 24-ші Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық спортшы Хайратхан Шонку ең мықты атанды. Ол Түркиядан келген қарсыласы Мехмет Юсалды жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Шонку 130 келі салмақта ел намысын қорғады.Өз кезегінде 97 келіде Асылжан Тәжиев ирандық спортшыдан жеңіліп, жарысты күміс медальмен қорытындылады. Үшінші орын үшін белдескен 77 келідегі Нұржан Асан, 60 келіде Алдияр Балташев ел қоржынына тағы екі қола медальды қанжығалады. 

"Жарайсыңдар жігіттер! Көптеген оқу-жаттығу жиындарының арқасында біз осындай нәтиже көрсеттік. Бір алтын, бір күміс, екі қола біз үшін үлкен жетістік. Алда дайындығымызды жетілдіретінімізге және одан да жоғары болатынымызға сенімдімін. келесі Сурдлимпиада ойындарында бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын", – деді грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Ерлан Мұқажан спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында. 

Есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы төрт жылдық жарыс 16 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының қоржынында қазір бір алтын, төрт күміс және 17 қола медаль бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр