Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан суицид жасаудан Орталық Азияда бірінші орында тұр – зерттеу

Қазақстан Орта Азияда өзіне қол салатын азаматтары көп мемлекеттер ішінде бірінші орында тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Орталық Азия жаңалықтары қызметіне сілтеме жасап. 

суицид

30 жыл бойы жүргізілген зерттеудің қорытындысы Душанбе қаласында өткен дәріс кезінде айтылды. Аталған дәрісті Американың Хьюстон-Даунтаун университетінің оқытушысы Шахназ Савани оқыды. Дәрістің толық атауы – Орталық Азиядағы өзін-өзі өлтіру: Қорғаныс тәуекелдері мен факторларын жүйелік зерттеу. 

Баяндамада жыл сайын әлем бойынша 1,5 миллион адамның өзіне қол салатыны туралы айтылды. Осы өзін-өзі өлтірудің 76%-і табысы аз немесе орташа мемлекеттерде орын алады. Ал 60%-і Азия мемлекеттерінде болады. 
Орталық Азияда бірінші орында Қазақстан (48,1), кейін Түрікменстан (15,8), Өзбекстан (13,6), Қырғызстан (13,4) тұр. Сондай-ақ, соңғы кезде Тәжікстанда (7,2) өсім байқалады. 

Шахназ Савани аталған мемлекеттердің көп бөлігінің ислам дінін ұстанатынына қарамастан, осындай қайғылы көрсеткіштердің орын алып отырғанын айтты. Мұнымен қатар, ол бұл жағдайға қиындықтардың ашық талқыланбауы, керісінше әркімнің ішіне жасыруға тырысуы себеп екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан үй ала алмаған қарияның өзіне қол салып көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау