Қазақстан су тұтыну деңгейі бойынша 179 елдің ішінен 11-орында
Қазақстан жан басына шаққанда тұтынатын су көлемі бойынша 179 елдің ішінен 11-орында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KTK арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұны жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда Қазақстан Global Water Use мониторингіне енгізілген жан басына шаққандағы тұтынатын су көлемі бойынша 11-орында", – деді Годунова мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, сарапшылар мұны тарифтердің төмендігімен және тұтынушылардың суды үнемдеуге деген ынтасының жоқтығымен байланыстырады.
"Тарифтерді қайта қарамасқа болмады, сондықтан 2023 жылдың қарашасында алдағы бес жылдық кезеңге арналған жаңа тарифтер бекітілді. Әрине, олар екі есе емес, тек 30% -ға көп. Өтінім бойынша текше метріне 5,156 теңге болды, алайда 3,655 теңге деп бекітілді", – деді аудиторлық палатаның төрағасы.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн