Қазақстан Sputnik V вакцинасын заңды түрде тіркеді
Қазақстан ресейлік Sputnik V коронавирус вакцинасын қолдануды мақұлдады. Бұл туралы Twitter-дегі вакцинаның ресми парағында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Sputnik V вакцинасына рұқсат берген жиырма жетінші ел», - делінген хабарламада.
Қазақстанда Sputnik V вакцинасы 1 ақпанда басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 10 ақпанда 13301 адам ресейлік вакцинаны қабылдағанын хабарлады.
3 ақпанда денсаулық сақтау вице-министрі - елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов сол кезде Sputnik V вакцинасы Қазақстанда тіркелмегенін растады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі