Қазақстан СІМ арнайы операция барысында Қырғызстан депутаты ұсталғанын растады
Қазақстан СІМ Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне арнайы операция барысында көршілес елдің парламент депутаты Асылбека уулу Дамирбектың ұсталғаны жөнінде жауап нотасын жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
Нотада қазақастандық СІМ Қырғыстан елшілігімен тұрақты байланыста екені айтылған.
Сондай-ақ, Қырғызстан тарапы отандық құқық қорғау органдарымен байланыс құру үшін көмек көрсетіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстан мемлекетінің сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшілігіне нота жіберді. Оған елімізде қырғызстандықтардың ұсталуы туралы мәлімет себеп болды.
Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында арнайы операция жүргізілген. Қазақстанның Қарулы күштері еліміздің төрт өңірінде ірі арнайы операция өткізіп, 29 адамды ұстады, олардың арасында кеден және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандағы арнайы операция кезінде Қырғызстан парламентінің депутаты ұсталған
Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады
Мазақ болма, қазақ: Мұрат Әбенов имамдар мен голливуд жұлдыздарының суретін сынға алды