Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан шетелге мұнай тасымалдау үшін неліктен Ресейден рұқсат сұрайды

Қазақстан Беларусь еліне Ресейдің келісімінсіз мұнай жеткізе алмайды, дейді сарапшылар мен саясаттанушылар. Сонымен қатар, Ресей аумағы арқылы транзит мүмкіндігі қарастырылды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлады.

Бір күн бұрын Беларусь президенті Александр Лукашенко одақтастардың бұл мәселе бойынша келісе алмайтындығына наразы болды. Ресей неге қарсы болып отыр және Қазақстанға қара алтынның жаңа нарығын не ұсына алады?

Беларусьтің ақырындап Ресей мұнайын тазарту жоспары әлі нәтиже бере қойған жоқ. Лукашенко оның үлесін 40 пайызға дейін төмендету керек екенін айтты. Беларусь мұнай көзі ретінде Қазақстанды таңдап отыр. Алайда бұған Ресей қарсы. 

"Біздің одақтасымыз мұнайды басқа  одақтасымыздан алуға қарсы. Біз бұл мәселені шешуіміз керек", - деді ел презденті.

Қазақстан мен Беларусь арасында мұнай тасымалдау жөнінде келісім 1 жарым жылдан бері жүріп жатыр.

2019 жылдың қазан айында энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұл жөнінде Ресеймен кеңесу керек деген еді. 

Саясаттанушы Толғанай Үмбеталиев Кремль үшін мұнай манипуляция мен қысымның саяси құралы. 

"Посткеңестік ауқымда мұнай факторы өте маңызды құрал. Бұл ел экономикасында айтарлықта роль ойнайды. Қазақстан мен Ресейде де солай. Сондықтан оны Ресейсіз шеше алмаймыз", - деді ол.

Ал, қаржыгер Мұрат Қастаев мұнайды Беларусь еліне тасымалдаудан қандай табыс болатынын айтады. 

Айтуынша, мұнай Беларусь елінен Еуропаға жол тартаты. Бұл валюталық тұрғыда да табысты болады. Валюта ұсыныстары көбейеді, біздің ұлттық валютамыз құнын жоғарылатады.

Мұнай мәселесі біраз уақытты қажет етеді. Алайда Беларусь күтіп отыра алмайды. Қазір Норвегиядан мұнай тасымалдап жатыр. 

Талқылау