Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан шетелге 7 айда 14,2 млрд доллардың өңделген тауарын сатқан

Биылғы 7 айда Қазақстан 14,2 млрд доллардың өңделген тауарын сатты. Шетелге экспортталған шикізаттық емес тауар айналымы туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ОКҚ алаңында баяндап берді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ОКҚ
Оның айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның шикізаттық емес тауарларының айналымы 46,7 млрд доллар болды. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 21,7%-ға көп.

“Биыл 7 айда шикізаттық емес тауарлардың экспорты 14,2 млрд доллар болды. Қызметтер экспортының көрсеткіші – 2,1 млрд доллар. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7% өскені. Шикізаттық емес тауарлардың үздік үштігіне мыс пен мыс катодтары (олардың үлесі 12,9%), ферроқорытпалар (10,2%), уран (9,4%) енді”, – деді Қайрат Төребаев.

Вице-министр тауар себетін әртараптандырудың, экспорт географиясының кеңейгенін де атап өтті.

"Негізгі нарықтар – дәстүрлі түрде Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерланды. Еуропалық одақ елдеріне, Қытайға және Орталық Азия елдеріне жеткізілімдердің айтарлықтай өсуі тіркелді", – деді ол.
 

Талқылау