Қазақстан шекарасында жүк көліктерін ақылы түрде дезинфекциялаған
Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан Солтүстік Қазақстандағы Жаңажол бекетінде жүргізушілерді жүк көліктерін дезинфекциялауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кейбір адамдар шекарада дезинфекция жұмыстарын жасап, Ресейден келген көліктерден ақы алып отырған. Олар санитарлық дәрегердің қаулысымен дезинфекция жасау міндетті деп жалған ақпарат берген.
“Дезинфекция жүргізетін компания Қазақстанға кіру үшін автокөліктерді дезинфекциялау керек, атап айтқанда автомобиль доңғалақтарын дезинфекциялау керек деп мәлімдеді. Дезинфекция құны жүк көліктері үшін 2,5 мың теңге", – деді Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының басшысы Айдос Кенбейілов.
Прокуратура оқиғаны толығымен тексерген. Нәтижесінде шекара бекеті жабылды. Шекарашылар, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, "Қазавтожол" облыстық филиалы және автомобиль жолдары комитеті бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.
Прокурорлық тексерістің нәтижелері әлі белгісіз.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
