Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді

Қазақстан шайбалы хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының ресми сайтында атап өтілгендей, үш өтініш хаты қабылданды. Өтініш бергендердің өатарында Германия, Норвегия мен Қазақстан бар. 

Германия 1930 жылдан бері элиталық дивизиондағы әлем чемпионатын тоғыз рет қабылдады. Соңғы рет бұл ел турнирді 2017 жылы Францияның Париж және Кельн қаласында өткізген болатын.



Қазақстанда бұған дейін жоғары дивизион турнирлері болмаған. Бірақ елімізде жарыстарды өткізуге дайын екі үлкен мұз кешені бар – 11 400 орындық "Барыс Арена" және 12 500 орындық "Алматы Арена". ҚХЛ-да өнер көрсететін "Барыстың" өз алаңында бірінші дивизионның А тобындағы 2019 жылғы әлем чемпионаты өтті. Алматы Арена 2017 жылғы қысқы Универсиадаға арналып салынған, онда хоккей турнирі өтті.

Норвегия бұған дейін екі рет – 1958 жылы Осло мен Лиллехаммерде, 1999 жылы Осло мен Хамарда өткен әлем чемпионатын өткізген. 2027 жылғы әлем чемпионатына өтінім беру үшін басқа орындар мен жаңа спорт нысандары жоспарланған. Норвегия Федерациясы Берум және Тронхейм қалаларында өтініммен жұмыс істеуде.

Барлық үш қатысушы келесі бірнеше ай ішінде егжей-тегжейлі тендерлік ұсыныстармен жұмыс істейді, олар кейін IIHF кеңсесінде ұсынылады. Шайбалы хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын мемлекет 2023 жылдың мамыр айында Финляндияның Тампере қаласында өтетін жыл сайынғы конгресстің соңында анықталады.

Талқылау