Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан сенатының бірінші спикері Өмірбек Байгелді дүниеден озды

Қазақстан сенатының бірінші спикері, саяси қайраткер Өмірбек Байгелді 85 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Парламенттің жоғарғы палатасының ресми сайтынан

Парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі қаралы хабар туралы жеткізді. 

"Бүгін Астанада көрнекті мемлекеттік саяси қайраткер Байгелді Өмірбек өмірден өтті", – делінген хабарламада.

Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол 1996-1999 жылдар аралығында сенат төрағасы болды. Ал жалпы сенатта барлығы 16 жылдан астам қызмет еткен.

Сонымен қатар ол Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облыстық әкімшілігінің басшысы, Президенттің кеңесшісі болып қызмет атқарды. 


Талқылау