Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге байланысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қарым-қатынас мәселесіне байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік мәлімдемесі ресми сайтта жарияланды. Онда Қазақстанның 2023 жылғы 10 наурызда Бейжің қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайтыны жазылған. 

“Біз Қытай Халық Республикасының келіссөздер үдерісіндегі және табысты нәтижелерге қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалаймыз. Бұл уағдаластықтар 2016 жылы сәуірде Ыстанбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде ұсынылған Қазақстанның Исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді. Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру және өзара елшіліктерін ашулары өңірлік және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз”, – делінген ақпаратта.

Талқылау