Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жабады
Қазақстан Ресейде орналасқан сауда өкілдігін жабады. Тиісті қаулыны сауда министрлігі Ашық НҚА сайтында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатта ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасы бойынша сауда өкілдігінің жабылатыны айтылған.
- Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша берілмейді
- "Бәйтерек" холдингі БЖЗҚ-дан 500 миллиард теңге зейнетақы жинақтарын алады
Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанына ие. Ол отандық экспорттаушылар мен дистрибьюторларға өтеусіз көмек көрсетумен, сондай-ақ Қазақстанға шетелдік инвестиция тартумен айналысады.
Қаулыны онлайн талқылау 15 ақпанға дейін жалғасады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн