Қазақстан Ресей үшін санкция салынған электр тауарлар импортының басты арнасы болып отыр – БАҚ
Қазақстан санкция салынған электрлі бөлшектерді Ресей импорттайтын басты арнаға айналған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі GIS Reports басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше еуропалық және америкалық өндірушілер санкция салынған тауарларды өзге елдердегі компанияларға сатады. Ал бұл компаниялар тауарды Ресейге экспорттайды екен.
"Қазақстанның ресейлік импорттың басты арнасына айналғанын дәлелдейтін дәлелдер бар. Қазақстан әлі де Ресейдің жағында", – делінген материалда.
GIS Reports Ресей мен Қазақстан шекарасындағы жүк көліктер кезегінің суретіне сараптама жасап, Еуропаның бірнеше мемлекетінің тіркеу нөмірін бөліп қарастырады. Сонымен қатар Қазақстанның ресми деректеріне сәйкес 2022 жылы елге 75 миллион долларға микросхема импортталса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 35 миллион доллар болған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”