Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан-Ресей көмір өндіру компаниясынан 100 миллион теңгеден астам қаражат ұрланды

123 миллион теңгеФото: Видеодан скрин

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті “Богатырь Көмірден” 123 миллион теңге жымқыру фактісін тергеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Компанияның жалғыз иесі - голландиялық Forum Muider B.V. Онда “Самұрық-Энерго” және ресейлік “Русаль” компаниялары 50% үлеске ие.

“Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті “Богатырь Көмірден” қаражат жымқыру фактісін тергеп жатыр. Бірқатар коммерциялық компаниялардың басшылары бұрын пайдаланылған қосалқы бөлшектерді жаңа зауыттық өнім ретінде кәсіпорынға жеткізу схемасын ұйымдастырған”, – делінген хабарламада. 


230 миллиард жымқырған "Азия Авто" компаниясының экс-басшылары Балушкин мен Сағымбаев Қазақстанға қайтарылмайтын болды


Қазақстандық әйел жүкті әйелдерді "жұмысқа тұрғызып", 217 миллион теңге жымқырған


Мәліметке сәйкес, схеманы іске асыру үшін тауар мен материалдарды қабылдауға жауапты адам ретінде "Богатырь көмір" ЖШС-нің қызметкері тартылған. 

“Богатырь көмір” ЖШС қызметкері талаптарға сәйкес келмейтін бөлшектердің еш кедергісіз қабылдануын қамтамасыз етіп, олардың сапасын негізсіз түрде растаған. Екі жыл бойы жалған сәйкестік сертификаттары бойынша реакторлар, цилиндр блоктары, автотіркемелер және тежегіш жүйелерінің бөлшектері жаңа өнім ретінде жеткізіліп отырған. Нәтижесінде “Богатырь көмір” ЖШС-не 123 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Қылмыстық жолмен алынған қаражат байланысы бар ЖШС мен жеке кәсіпкерлер арқылы жалған шарттар бойынша шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған”, – делінген хабарламада. 

Агенттік мәліметінше, тінту барысында күдіктілерден 27 миллион теңге қолма-қол ақша тәркіленді. Сот санкциясымен күдіктілердің 6 автокөлігіне, “Cadillac Escalade”, “Range Rover”, “Toyota Land Cruiser 250” автокөліктеріне тыйым салыныпты. Ал үш күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін 188 млн теңге жымқырған "Қазсушардың" бес лауазымды қызметкері мен бас мердігер қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 21 Қараша, 2025 14:39
Талқылау