Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан палестиналықтардың өз мемлекетін құрудағы заңды құқығын қолдайды– Сыртқы істер министрлігі

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс бірлескен саммитінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі палестиналықтардың өз мемлекетін құрудағы заңды құқықтарын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабалайды. 

Саммит барысында Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің өкілдері Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты өз ұстанымдарын білдірді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның палестиналықтардың өз мемлекетін құрудағы заңды құқықтарын қолдайтынын мәлімдеді. Министр еліміздің БҰҰ қарарларына сәйкес, "Екі халық, екі мемлекет" формуласын жүзеге асыру Палестина халқының бейбіт және қауіпсіз болашағын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы екенін атап өтті.

"Біздің ел палестиналықтардың өзін-өзі ел ретінде анықтап, Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толығымен қолдайды", - деді Сыртқы істер министрі.

Мұрат Нұртілеу, сонымен қатар, Қазақстанның Газа секторындағы жауыз соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымындағы елдермен достығын да атап өтті. 

Өз кезегінде Қазақстанның Газа секторында қалған бейбіт тұрғындарға Қазақстан жақында ғана 1 миллион доллар қайырымдылық жасағанын және әлі де қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарланғанын алға тартты. 

Одан бөлек, сыртқы істер министрі қазір Газада жүрген 150-ден астам қазақстандық азаматтардың, негізінен әйелдер мен балалардың Рафах бақылау-өткізу бекетінен шыға алмайтынына алаңдаушылық білдірді.

"Біз тек Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін жанжалдасушы тараптарды келіссөз үстеліне отырғызуымыз керек. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мысыр мен оған қатысы бар барлық тараптарды Газа секторынан барлық бейбіт тұрғындарын, соның ішінде Қазақстан азаматтарын да сөзсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге шақырамын", - деді Мұрат Нұртілеу.

Талқылау