Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында әйел 13,5 миллион теңгелік алтынды жыныс мүшесіне салып өтпек болған

алтын

Фото: Freepik.com

"Навои" бақылау-өткізу бекетінде әйел 314 грамм алтынды қынабына салып өтпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында "Навои" кеден бекетінде Өзбекстан кеден комитетінің ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері зергерлік бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған әйелді ұстады. Ташкент облыстық департаментінің мәліметінше, әйел шекарашылардың күдігін тудырып, жеке тінтуге жіберілген.

“Тексеру барысында оның қынабынан жасырылған салмағы 314 грамм зергерлік бұйым табылды. Кедендік есеп бойынша тәркіленген алтынның жалпы құны 316 миллион сум, яғни шамамен 13,5 миллион теңгеге тең. Айғақты зат ретінде зергерлік бұйымдар алынды”, – делінген хабарламада.

Кеден органдары тергеуге дейінгі тексеруді бастады. Оқиғаны одан әрі сараптау мәселесі шешіліп жатыр.

Бұған дейін үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған еді. 

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 17 Тамыз, 2025 20:01
Талқылау