Қазақстан өзбек боксшысымен өткен даулы жекпе-жектегі төрешілер шешіміне наразылық білдірді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Азия чемпионатында өзбек боксшысымен болған жекпе-жектен кейін Қазақстан тарапы төрешілер шешіміне ресми түрде шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бей в кость Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалдық жекпе-жектен кейін төрешілер шешімі үлкен дауға ұласты. Бұл кездесуде өзбекстандық Шавкатжон Болтаев қазақстандық Аман Қонысбекті жеңді деп танылған.
Asian Boxing ұйымының ережесіне сәйкес, бұрын жекпе-жек нәтижелеріне қатысты апелляция беруге рұқсат етілмейтін. Алайда Иран, Үндістан және басқа да елдердің боксшыларымен болған бірнеше даулы жағдайлардан кейін турнир ұйымдастырушылары наразылық білдіруге мүмкіндік берді.
Осы мүмкіндікті Қазақстан пайдаланып, екі кездесудің қорытындысына ресми түрде келіспейтінін мәлімдеді: Нұрзат Оңғаров пен индонезиялық Тахумил арасындағы жекпе-жек, сондай-ақ Аман Қонысбек пен Шавкатжон Болтаев арасындағы кездесу.
Қазіргі уақытта Қонысбектің жекпе-жегіне қатысты Asian Boxing ұйымынан ресми жауап келген жоқ.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
