Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "отбасы туралы" заңға қатысты қарсылық басылар емес

Нұр-сұлтандық тұрғындар министрліктер үйінің алдына келді. Жиналғандар сайланған депутаттар "заң қабылданарда алдымен елмен ақылдасып алсын" деген талаптарын қойды. Дегенмен жиналғандар қанша шуласа да министрліктерден де, депутаттардан да ешкім олардың алдына шыққан жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

аналар

Жиналғандар "депутаттар кез-келген заң жобасын халықпен ашық талқыламаса, орындарынан кетсін" деп талап қойды. Аналар пандемия кезінде салынатын вакцинаға, елімізде жыныс ауыстыруға түбегейлі қарсы. Ал, қазір талқылаудағы "тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын" қайта қарасын дейді.

"Парламенттік барлық жұмыс барысы тікелей трансляция арқылы Парламент отырысы мен жұмыс тобының отырыстары барынша ашық және жариялы болуы тиіс", - деді көпбалалы ана Мөлдір Сәрсенбаева. 

"Бұл жерде мүлдем халыққа түсініксіз етіп жазылған. Халық тіпті түсінбейді ішінде не жазылып жатқанын", -  көпбалалы ана Адина Іліпова.


  • "Біз анамыздан керек жерінде “ш” витаминін жедік, одан еш жеріміз сынған жоқ": Зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасына көпшілік неге қарсы?

  • "Бала мен ата-аналарды бір-біріне қарсы қоймақшы": Нұр-Сұлтандық әйелдер дау туғызған "отбасы туралы" заңға қарсы шықты

Тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қарсы заң жобасы өткен жылдың 23 қыркүйегінде Мәжілісте бірінші қаралымнан өткен соң, қоғамда бірінші болып бірқатар заңгерлер мен адвокаттар "бұл заңды қайта қарап, түзетейік" деп, өз концепцияларын ұсынған еді. Оларға халық ішінен де біраз адам қосылып, "қайта қаралсын" деп талап қойды. Еліміздің әр аймағынан 30 мың адам жазбаша қарсылығын жазып, 6 қаңтарда Президент Әкімшілігіне өткізген. Ал бүгін ол хатты белсенділер Үкімет пен Парламенттің қос палатасына да тапсырды. 

Ал жаңадан сайланған мәжілісмендердің кейбірі бұл заңды талқылағанда "халықтың пікірін ескереміз" деп сендірді. 

"Ол заң әлі ешқайда қаралған жоқ. Тек қана жобасы бар. Танысамыз, көреміз. Менің ойымша жалпы аналарды қорғайтын, балаларды қорғайтын заң қажет деп есептеймін", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсебаев.

"Әрбір заң қоғамның, жаңағы ұлттың, халықтың мүддесі үшін жұмыс жасауы керек. Сол себептен әр норма қаралады деп ойлаймыз", - деді ҚР Парламенті Мәжілісініңі депутаты Әлия Сапарова. 

"Түзету енгізейік" деп жүрген азаматтар заң жобасындағы ер мен әйелдің тең құқылы болуына, "зорлық-зомбылық" деген түсініктің аясы кеңейгеніне, ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуде құқықтарының шектелетініне, 111 нөмірін теріп, шағымданған баланы ата-анасынан бала тәрбиелейтін ұйымдарға алып кетуіне қарсы. Мемлекет басшысының назарына іліккен бұл заң жобасы енді қайта талқылауға жіберілді. Соған қарағанда ел күткендей біраз өзгеріс енуі мүмкін.  

Талқылау