Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азия арасында жалпы ішкі өнімнің өсімі бойынша көш бастап тұр

2023 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 259,3 миллиард долларға жетті. Халықаралық валюта қоры сарапшыларының айтуынша, ЖІӨ бойынша Қазақстан Ресейдің көрсеткішінен ғана төмен тұр.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанның ЖІӨ Өзбекстан, Беларусь, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты елдердің ЖІӨ-нен асып түсті.

Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Ресей мен Қазақстан теңесіп, 13 мың долларға жуық нәтиже көрсетті. Бұл – Тәжікстанға қарағанда 11 есе, Қырғызстанға қарағанда 7,1 есе, Өзбекстанға қарағанда 5,2 есе, Украинаға қарағанда 2,5 есе көп көрсеткіш.

Сарапшылардың болжамы бойынша Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 2024 жылы Орталық Азия және ТМД елдері, тіпті Ресейден жоғары болады.

Сонымен қатар 2028 жылға қарай көрсеткіш 29,9%-ға немесе 3,9 мың доллардан 16,8 мың долларға дейін өседі деген болжам бар. 

Қазақстанда ЖІӨ бойынша көлік-логистика саласы 6,2%, құрылыс 5,3%, АӨК 5,2%, телекоммуникация шамамен 2%-ға өсті.

Қазақстанда телекоммуникация саласында әлеуметтік маңызы бар ғана емес, сонымен қатар республика экономикасына сапалы серпін беруге қабілетті жобалар іске асырылуда. Мысалы, сектордың ірі операторы "Қазақтелекомның" басымдықтарының бірі – 5G желісін салу, ол 2027 жылға қарай бүкіл ел бойынша 7 мыңнан астам базалық станцияны қамтуы тиіс. Биыл бесінші буын желісінің 782 базалық станциясын орналастыру жоспарлануда. 

Болжам бойынша, 2024-2028 жылдары ЖІӨ-нің ұлғаюына инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен өңдеуші өнеркәсіптің (жыл сайын орта есеппен 4,9%-ға) және АӨК-нің (орта есеппен 4,5%-ға) өсуі ықпал етеді. Инвестицияларды игеру аясында құрылыс саласында орта есеппен 8,8% тұрақты өсім күтіледі.

Нақты сектордағы өндірістің өсуі ЖІӨ-нің 52-55% құрайтын қызмет көрсету саласының дамуына ықпал етеді.

Талқылау