Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дизель отынының тапшылығын қолдан жасап, бағаны арттырған: Қазақстанда мұнай базалары тексеріледі

Бензин мен дизельдік отынның жасанды тапшылығына жол бермеу мақсатында өңірлердегі мұнай базалары тексерілетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанар-жағармай нарығындағы жағдай бойынша кеңесті премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр өткізді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда дизель отынының жалпы қоры 308,56 мың тоннаны құрайды. Бұл 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.

Алайда, кейбір өңірлерде жекелеген жанар-жағармай құю бекеттері дизельдік отынды сатуды шектеген.

Жанар-жағармайдың ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін төмендегідей тапсырмалар берілді:

- құрамына әкімдіктердің, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің, мемлекеттік кірістер департаменттерінің, экономикалық тергеу департаменттерінің және табиғи монополияларды реттеу департаменттерінің өкілдері кіретін облыстық штабтар облыстық мұнай базаларын жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын жасауына жол бермеу үшін комиссиялық тексеру жүргізуге шаралар қабылдасын;

- құқық бұзушылық фактілері тіркелген жағдайда, тиісті мемлекеттік органдар нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе үстемдік ететін әрекеттеріне тексеру жүргізуі қажет.

12 сәуірден бастап Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасысының шектік лимиті 205 теңгеге дейін, дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін көтеріледі.

Талқылау