Қазақстан нарығындағы Kia автокөліктеріне қазақша мәзір қосылды
Қазақстандағы Kia-ның ресми дистрибьюторы, Allur автомобиль компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы Қазақстанда жасалған Kia автокөліктеріне қазақша мультимедиялық жүйе мәзірін орнату басталғанын хабарлайды.

Қазақстан нарығындағы Kia автокөліктеріне қазақша мәзірді енгізу Kia K5 бизнес седанынан басталды. Бұл көліктің Қазақстандағы сатылымы ақпан айының соңында қаңтармен салыстырғанда 83,3% өсті.
Kia автокөліктеріне қазақша мәзір орнату Kia көліктерін бейімдеу кезеңіндегі қазақстандық тұтынушылардың қажетін барынша қанағаттандыру үшін жасалған маңызды қадам болды.

Қазақстанда жасалған көліктердің Kia зауыттық кепілдігі бар – 5 жыл немесе 150 000 км жүріс.
Kia автокөліктері, Қазақстан нарығындағы құны мен жинақтамасы туралы толығырақ ақпаратты брендтің ресми дилерлерінен және www.kia.com.kz сайтынан алуға болады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр