Қазақстан мұнай өндірісін қысқартпақшы
ҚР үкіметі «Экспорттық көлемдерге пропорционалды орта, ірі және алып кен орындары үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы» Қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қабылданған тәсіл ҚР ішкі нарығының мұнай өнімдерінің қажетті көлеміне деген қажеттілігін, сондай-ақ өндірудің табиғи төмендеуі кезеңіндегі ірі жобалар мен ескі кен орындары үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қабылданып жатқан шаралар қазақстандық кен орындарының апаттық тоқтау қауіптерін қысқартуға және қазақстандық мұнай экспортынан келетін ақша қаражатының тұрақты түсуін қамтамасыз етуге жол ашады.
Қазақстанда және басқа елдерде мұнайды қысқарту бойынша бұған дейін қабылданған шаралардың арқасында мұнай бағасының динамикасында оң үрдіс (23.06.2020 ж. жағдай бойынша Brent маркасының бағасы 42,23 долл/барр құрады) және мұнай нарығындағы теңгерімсіздіктің азаюы байқалады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”