2017 жылы қасиетті Рамазан айы қаншасынан басталады?
Мұсылман елдердегі жыл санау жүйесі бойынша әр жылы діни мерекелер әр күнге түсіп отырады. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2016-2017 жылғы діни күндер тізімін ұсынамыз.
Хижра күнтізбесі бойынша 1438 жылдың Рәбиуль-әууәл айының 1-і, 11-нен 12-іне қараған түні, Рәбиуль ахир айының 1-і, Жумадәл-әууәл айының 1-, Жумадәл-ахир айының 1-і күндері, яғни біздің күнтізбеміз бойынша 2016 жылдың желтоқсан айының 1-і, 11-нен 12-не қараған түні, 30-ы, 2017 жылдың қаңтардың 29-ы мен ақпанның 28-і Мәуліт күніне сай келеді.
Хижра күнтізбесі бойынша 1438 жылдың Рәжәб айының 1-і күні – яғни 2017 жылдың 29 наурызы – Қасиетті үш айдың басталуы.
Рәжәб айының 26-нан 27-не қараған түні – сәуір айының 23-нен 24-не қараған түні Миғраж түні.
Шағбан айының 1-і – 27 сәуірге сәйкес келеді. Шағбан айының 14-нен 15-не қараған түні – мамыр айының 10-нан 11-не қараған түні Бараат түні.
Рамазан айы 27 мамыр күні басталады.
Маусым айының 21-нен 22-не қараған түні – Қасиетті Қадір түні.
25, 26, 27 маусым – Ораза айт күндері.
Хижра күнтізбесі бойынша 1438 жылдың Зульхижжа айының 9-ы – 31 тамыз Арафа күні.
1,2,3,4 қыркүйек – Құрбан айт мерекесі.
21 қыркүейек Хижра жыл санауы бойынша Жаңа жыл.
30 қыркүйек – Ашура күні.
Қарашаның 30-нан желтоқсанның 1-не қараған түні Мәуліт – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күні.
Хижра күні біздің күнтізбеміз бойынша 622 жылдың 16 шілдесіне, жұма күніне келеді. Ислам күнтізбесі һижрадан, яғни Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) Меккеден Мединеге жер аударған күнінен басталады. Һижра есебін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеден өткен уақытанан кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб р.а. жасаған.
Тағы да оқыңыз:
Әрбір дерттің қандай сыры бар: Уайымын сыртқа шығармайтындардың бауыры ауырады
Арыстан бабтың мазары еврей елінде де бар
Семейде неміс ұлтының өкілдері мешітке келіп өз еркімен Ислам дінін қабылдады (фото)