Қазақстан министрлігінен миллион доллар жымқырған ресей азаматшасы сотталды
Ресейлік әйел Светлана Киршова ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан миллион доллардан астам қаржыны жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Вести-Омск сайтына сілтеме жасап.
Омск қаласының тұрғыны 16 жыл бойы Халықаралық іздеуде болған. Оны екі сыбайласымен бірге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан миллион доллар мен 40 миллион теңгені ұрлады деп айыптаған.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол ресми түрде жұмысқа тұрмаған, жылжымайтын мүлік сатып алмаған тіпті отбасымен байланыс орнатпаған. Мұның барлығы полицияның құрығына түсіп қалмас үшін жасалған әдістер.
Сотталушы өзінің болашақ серіктестерінің бірімен нарықта танысқан, содан кейін олар тағы бір танысымен бірге "қоржындарын толтыру үшін" Қазақстанға келген. Қылмыстық топ Қазақстанда бір күндік компания құрады, ал қыз Киршова есімді бөтен біреудің төлқұжатының деректері негізінде жалған құжаттар дайындап, оның көмегімен 2003 жылы ол Қазақстан Республикасының Қазынашылық департаментіне жұмысқа орналасады.
Тергеу органдарының мәліметінше, қыз тек қазынашылықта жұмыс істеп қана қоймай, жұмыс бабында өсіп, содан кейін ол ақшаны басқа шотқа аударған. Тексеру басталғаннан кейін қыз жоғалып кетіп, 16 жыл бойы биліктен жасырынған.
Киршова Белгородта ұсталды. Светлана Киршованың сыбайласы делінген азаматша сотталды. 25 тамызда Омбы қаласының Кировский аудандық соты сотталушыны 2 жыл 5 айға жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге бас бостандығынан айырды. Ол сот залында қамауға алынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
