Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түрікменстан басшылары шекара туралы келісімге қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанмен шекара мәселесіне қатысты келісімге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі тараптың қол жеткізген уағдаластықтары туралы айта келе, шекараны құқықтық тұрғыдан шегендеуге бағытталған келісімдердің маңызына тоқталды.

“Бүгін біз бірқатар маңызды құжат қабылдадық. Олардың ішінде Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шарт, сондай-ақ шекара тәртібі туралы үкіметаралық келісім ерекше орын алады. Осылайша, біз елдеріміз арасындағы құрлықтағы және теңіздегі шекараларды заңды түрде рәсімдеуді аяқтадық. Мұның саяси мәні бар”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларына баса мән берілді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 25 Қазан, 2021 19:20
Талқылау