Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей шекарасында тұрған отандастарымызға "жасыл дәліз" ашылады

Қазақстан мен Ресей шекарасында тұрған отандастарымызға "жасыл дәліз" ашылады, оларды кезексіз өткізуге келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай деді.

Себебі солтүстіктегі көршімен шекарада көліктің көптігінен ұзын-сонар кезек. Оның кейбірі бірнеше шақырымға дейін созылған. Соның салдарынан азық-түлік тиеген отандық көліктер де сағаттап шекарада тұруға мәжбүр. Оларға жағдай жасасақ, тезірек қызмет көрсету тез арада шешілуі тиіс дейді Серік Жұманғарин. Сондықтан "жасыл дәліз" бүгін-ертең ашылуы керек.

“Кеше өз әріптесім Ресей Федерациясының вице-премьерімен сөйлестім. Өйткені шекараның ар жағында біздің азаматтарымыз да тұр. Көліктің көптігінен оларға бері қарай өту қиындап жатыр. Азық-түлік тасыған азаматтарды тезірек елге алдыру керек. Бұл жайында екі елдің шекара қызметі келіссөз жүргізеді”, – дейді  ҚР премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Талқылау