Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы қайта жаңғырмақ
Өзбекстан мен Қазақстан билігі теміржол және автобус жолаушылар тасымалын қалпына келтіру процесін жеделдетуге ниетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тараптар эпидемиологиялық талаптарды жеңілдетудің және жер үсті көлігімен жолаушылар тасымалын қалпына келтіру процестерін жеделдетудің маңыздылығын растады", – деп хабарлады Өзбекстан көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл шешім Өзбекстан-Қазақстан бейінді жұмыс тобы отырысында айтылды. Мамандар жоғары жылдамдықты "Түркістан – Шымкент – Ташкент" теміржолы мен "Үшқұдық – Қызылорда" көлік дәлізінің инфрақұрылымдық жобаларын қарады.
Жаңа ұшақ бағыттарын енгізу жеке талқыланды. Елдер арасындағы жолаушылар көлігі қатынасы COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты 2020 жылдың наурызында тоқтатылды, 2020 жылдың қыркүйегінде Өзбекстан мен Қазақстан арасында әуе қатынасы қайта жанданды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”