Қазақстан мен Македония қылмыскерлермен алмасатын болады
Қазақстан мен Македония сотталған адамдарды беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беру бойынша біріге байланыс орнататын болады. Палатаның жалпы отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары тиісті ратификациялық шарттар пакетін қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан былай қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықтар Солтүстік Македонияда жасырына алмайды. Ратификация аясында екі ел іздеуде жүрген адамдарды бір-біріне ұстап беру және сотталған адамдармен алмасу қарастырылған.
Бұл құжаттарда беру, қайтару, көмек беру немесе бас тарту жағдайлары егжей-тегжейлі жазылған. Сенаторлар құқықтық көмек туралы мұндай келісімдер шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау үшін маңызды екенін атап өтті.
"Бүгін қабылданған заңдар Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы құқық қорғау саласындағы ынтымықтастықты дамытуға бағытталған. Олар қылмыскерлерді жауапкершілікке тартудың әртүрлі кезеңдерін қамтиды және қылмыспен күресті күшейту үшін мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастырады. Соған сәйкес, қылмыстарды тергеу процесінде жан-жақты көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстау және оларды экстрадициялау, сотталған адамдарды беру сияқты өзара іс-әрекеттер қарастырылған. Бұл заңның үстемдігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, азаматтарымыздың құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді Мәулен Әшімбаев.
Айтуынша, қазіргі уақытта Солтүстік Македония мен Қазақстанда жасырынған адамдар жоқ.
Қазақстанмен 20 мемлекет қылмыскерлерді ұстап беру туралы шарт жасасты. Малайзия, Доминикан Республикасы, Перу және Аргентинамен осындай шарттарға қол қою жоспарлануда.
Айта кетейік, қазір екі ел арасында беруге жататын азаматтар жоқ. Қазақстан бүгінге дейін 30-ға жуық мемлекетпен осындай шарт жасасты. Бүгінде шет елдерде жазасын өтеп жатқан 922 қазақстандық бар.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
