Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пунктін су басты

Қырғызстанның таулы аймақтарында сел тасқыны болды. Салдарынан бірнеше ауыл мен Қазақстанмен шекарадағы өткізу пункті су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: “Настоящее время” видео кадрларынан

Төтенше жағдайдың себебі қардың тез еруі мен нөсер жауын болып отыр.

Салдарынан алты ауылдық округ апатқа ұшырады. Жалал-Абад облысының ауылдарында аулалар мен жолдар су астында қалды. Ауа райының қолайсыздығы елдің солтүстігінде Ыстықкөл аймағында да байқалады.

Сондай-ақ ТЖМ Қазақстанмен шекарадағы "Қарқара" өткізу пунктінің су басқанын хабарлады. Бұл шекарашылардың жұмысы мен көлік қозғалысына қосымша қиындықтар туғызып жатыр.



Қырғызстанның құтқару қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қазір зардап шеккен аудандарда арнайы техниканың көмегімен апаттың салдарын реттеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау