Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан айналма каналының құрылысын талқылады

Қазақстан мен Қырғызстан "Шу айналма каналы-2"-ні салу мәселесін талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Су ресурстары және ирригация министрі Қырғызстанға сапарында осы мәселені қолға алды. 

"Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қырғызстанға жұмыс сапарымен барып, Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Джаныбековпен кездесті. Тараптар Шу айналма каналы-2 құрылысын талқылады. Кездесуге екі елдің ғылыми ұйымдарының сарапшылары да қатысты", – делінген хабарламада.

Елдер мамандарды барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етіп, гидрологиялық және гидрогеологиялық бақылаулар жүргізуге жағдай жасауды ұйғарды. Қазақстандық ғалымдарға Шу өзені бассейнінің қор гидрогеологиялық материалдарын алуға мүмкіндік берілді.

"Неміс халықаралық ынтымақтастық қоғамына (GIZ) OCCH-2 құрылысының экожүйеге ықтимал әсерін зерттеуге қолдау көрсету және сарапшыларды ұсыну үшін бірлескен үндеу хатқа қол қойылды", – деп хабарлады ведомство.

Министр Нұржан Нұржігітов айналма каналдың құрылысы жоспарланған жері тексерілгенін айтты.

Талқылау