Қазақстан мен АҚШ әскери ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізді
Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық талқыланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әскери ведомствода ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куоның хаттамалық кездесуі өтті.
"Тараптар өзара іс-қимыл мәселелерін, соның ішінде екі елдің қорғаныс ведомстволарының бітімгершілік және тілдерді оқыту, мамандарды даярлау саласындағы бесжылдық жоспар аясында өзара іс-қимылын талқылады", - делінген хабарламада.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн