AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде жедел әрекет ету жасағы кезекшілік етеді және олар түрме сияқты болады: Ақпарат ата-аналарды шошытты

Қазақстандық ата-аналар әлеуметтік желіде тараған хабарламаларға алаңдаушылық танытуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Оларда мектептерде күзетшілердің орнына жедел әрекет ету жасағының сарбаздары кезекшілік етіп, балалар мектепте тергеу изоляторында оқшауланады, ал мектеп автобустары оқушыларды белгісіз бағытта эвакуациялау үшін қолданылады делінген. Ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.

Бұл хабарламаларды ҚР білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.

“Аудиожазбада айтылған барлық ақпарат шындыққа жанаспайды. Мектептерде тергеу изоляторы (ШИЗО) кабинеттері болмайды және жедел әрекет ету қызметкерлері күзетпейді. Мектеп – балаларға білім беретін мекеме. Балаларға қатысы жоқ басқа мақсаттар қарастырылмайды. Автобустар балаларды үйден білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдау үшін ғана пайдаланылатын болады. Олар ата-аналардың келісімінсіз басқа мақсаттарда басқа мекемелерге жіберілмейді. Ата-аналардан тек ресми ақпаратқа ғана сенуді және балалардың білім деңгейін арттыратын осындай хабарламаларға сенбеулерін сұраймыз”, – деп хабарлады министрлік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр