Қазақстан мектептеріндегі бейнебақылау жүйелері стандарттарға сәйкес келмейтін болып шықты
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан мектептеріндегі қауіпсіздікті тексеру нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғымбаев Татарстандағы қайғылы оқиғадан кейін мектептердегі қауіпсіздік мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отырғанын атап өтті. Ішкі істер министрлігі білім беру органдарымен бірге мектептерде тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеру нәтижесінде бірқатар олқылықтар анықталды.
- мектептердің бейнебақылау жүйелерімен 100% жабдықталуына қарамастан, олардың жартысына жуығы белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді;
- мектептердің үштен бір бөлігі ғана төтенше жағдай туралы ескерту жүйелерімен жабдықталған;
- мектептердің тек 8 пайызында дабыл батырмалары бар;
- еліміздегі мектептердің тек 4 пайызы турникеттермен, 1 пайызы металл іздегіштермен жабдықталған.
Сонымен қатар мектептердің тек 6 пайызы ғана қауіпсіздік ұйымдарымен келісімшартқа отырған.
"Ішкі істер министрлігі білім министрлігімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында алып жүруге тыйым салынған заттардың тізбесін жасады. Бұл қару-жарақ, пышақ, жарылғыш құрылғылар, аэрозольдік бояулар, пиротехникалық заттар және газ канистрлері. Бұл ережелер 2021 жылы 13 маусымда күшіне енеді", – деп қосты ішкі істер министрлігі.
Мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке қауіпсіздік ұйымдарына қосымша біліктілік талаптары енгізіледі.
"Ішкі істер министрлігі білім министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар қосымша шараларды әзірлеп жатыр. Оған қоса, төтенше жағдайлар министрлігімен бірге студенттер мен жеке құрамның әрекет етуі үшін арнайы дайындық жаттығуларын ұйымдастырады", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
