Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде информатиканың орнына жаңа пән енгізіледі

мектепФото: istockphoto.com

Білім және ғылым министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мектепке жасанды интеллект қалай енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол мектепке жасанды интеллект жаңа оқу жылынан бастап енгізілгенін атап өтті.

"Арнайы жоспар жасалды. Оның негізінде жасанды интеллектіні қолдану кезінде этикалық нормаларды сақтау принципі, мұғалімдердің жоғары даярлығы жатыр. Бүгінде 200-ге жуық педагог даярланды.

"Информатика" пәні "Информатика және жасанды интеллект" пәні болып өзгертіледі. Оның аясында негізгі элементтер енгізіледі. Бірақ басқа пәндер бойынша мұғалімдер де білім беру процесінде заманауи технологияларды қолдана алады. Бірақ педагогтың негізгі рөлі сақталады. Жасанды интеллект мұғалімдерді ешқашан алмастырмайды ", - дейді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев 2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында үкіметке жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырған еді. Жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 17:12
Талқылау