Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Медиа Альянсы Бишімбаевқа қатысты сот отырысындағы судьяның шешіміне қатысты пікір білдірді

Қазақстан Медиа Альянсы резонансты тақырыпта ақпарат таратудағы БАҚ өкілдерінің ролі мен міндеттері, жауапкершілігіне қатысты өз пікірін үнемі білдіріп отыратынын айтты.

“Қазақстандық Медиа Альянс” қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Қанат Сахарияновтың айтуынша, бұған дейін суицид тақырыбында ақпарат таратудағы БАҚ өкілдеріне арнайы нұсқаулық ұсынылған.

“Қазір елімізде де, шетелдік БАҚ-та да Бишімбаевқа қатысты сот отырысы – резонанс тудырған тақырыптың бірі.

Атышулы сот отырысына төрелік етуші судья бүгінгі сот отырысына  БАҚ өкілдерін қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Оған желіде алқабилерді түсірген кадрлардың таралуы себеп болғаны айтылып отыр. Әрине, судьяның осы орайда қабылдаған шешімі заңды. Жалпы алқабилерді фото және бейнекадрға түсіріп, оны көпке жария етуге заңда тыйым салынған. Бұл әрекеттің соңы алқабилерге қысым жасауға әкеліп соғады”, – деді Қанат Сахариянов.

Директоры Қазақстан Медиа Альянсы мұндай жағдайға алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. Сол себепті БАҚ өкілдерін резонанстық тақырыпта ақпарат тарату барысында заңнамада көрсетілген талаптарды сақтауға шақырды.

Талқылау