Қазақстан Мәскеудегі ҰҚШҰ ұйымының жанынан тұрақты өкілдігін ашады
Қазақстан Мәскеудегі ҰҚШҰ ұйымының жанынан тұрақты өкілдігін ашады. Мұндай жарлық ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Ұжымдық қауіпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі ашылсын", – делінген құжатта.
Жарлықта оның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты кеңестегі Қазақстанның уәкілетті өкілінің мәртебесін ұйымның нормативтік құқықтық базасына және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленгені атап өтілген.
"ҰҚШҰ Жарғысына 2010 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Ұйымның ұйымдық құрылымы жаңғыртылды, атап айтқанда, ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің өкілетті өкілдерінің мәртебесі Ұйым жанындағы Тұрақты және Өкілетті өкілдермен ауыстырылды", – деп түсіндірілген құжатта.
- "Оқ атқан әскерилер қазақша сөйледі": Алматыда қаңтар оқиғалары кезінде бір әулеттің мүшелерін тапа тал түсте қырып салған
- Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге қарыздармыз ба деген сұраққа жауап берді
Қаулыны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің штат санының лимитін өзгертуді талап етеді – тиісінше уәкілетті өкіл және оның аппараты шетелдік мекемелердің бірыңғай штат санына енгізіледі.
Жарлық 15 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Айта кетейік, еліміздегі қаңтар айындағы қақтығыстар кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестермен күресу үшін ел аумағына ҰҚШҰ әскерлерін кіргізуге шешім қабылдаған еді.
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешімге келді. Барлығы 2300-дей бітімгер әскерилер келді. 13 қаңтарда ҰҚШҰ миссиясының сәтті аяқталғаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда бітімгерлердің барлығы Қазақстаннан шығып кетті.