Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге қарыздармыз ба деген сұраққа жауап берді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) күштерін көмекке жіберуге Кремль тарапынан ешқандай алғышарттың болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы одақтас Ресей президенті алдында қарыздар болмағанымызды айтты.
“Бізді қарызы бар деген қауесеттерге келетін болсам, бұл жөнінде Владимир Владимирович Путинмен ешқандай сөз қозғалған емес. Кейін барлығын ақтайтынымыз туралы әңгіме болмады”, – деді президент Ресейдің Қазақстан үшін одақтас мемлекет екенін ескертіп.
Қазақстан басшысы сондай-ақ ҰҚШҰ контингентінің Қазақстандағы миссиясын орындау кезінде бірде-бір оқ атпағанын айтты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды