Соңғы жаңалықтар

Қазақстан марихуананы аса қауіпті есірткі заттар тізімінен шығаруға қарсылық білдірді

Қазақстан делегациясы марихуананы аса қауіпті қасиеті бар есірткі заттарының тізімінен шығаруға қатысты қарсы дауыс берді. Бұл туралы ҚР СІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ не себепті Қазақстанда марихуанананы заңдастыруға қарсы

Ведомство БҰҰ аясында марихуананы заңдастыру туралы ақпарат пайда болғаннан кейін түсініктеме берді.

2020 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясында (КСС) дауыс беру қорытындысы бойынша марихуана мен оның шайырын 1961 жылғы Есірткі құралдары жөніндегі Бірыңғай Конвенцияның "IV тізімінен" алып тастау туралы шешім қабылданды. Бұл тізімге ерекше қауіпті есірткілер кіреді.

ДДҰ сарапшылары тізімге өзгерістер енгізуді ұсынды.

"Бұл ұсынысты қолдау үшін ЕО елдері мен АҚШ-ты қоса алғанда, КСС-тің 53 мүшесінің 27-сі дауыс берді. Қазақстан делегациясы, сондай - ақ КСС - ға мүше 24 мемлекет (Бразилия, Египет, Қытай, Ресей, Жапония және т.б.) қарсы дауыс берді", - деп хабарлады ведомстводан.

"IV тізімнен" шығарылғанына қарамастан, марихуана 1961 жылғы Конвенцияның негізгі "I тізіміне" сәйкес есірткі құралы болып қала береді, бұл оның осы Конвенция негізінде бақылаудың барлық түрлеріне жататынын білдіреді.

"Осылайша, бұл БҰҰ аясында каннабисті заңдастыру емес. КСС отырысына қатысушылар бұл шешімнің салдары халықтың денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Бұдан басқа, Конвенцияның 39-бабына сәйкес мемлекеттер осы Конвенцияда көзделгеннен гөрі есірткіні бақылаудың неғұрлым қатаң шараларын белгілеуге құқылы", - деп түсіндірмелер берді Қазақстан СІМ-де.

Ведомство Қазақстанда және халықаралық конвенцияларға қатысушы басқа да көптеген елге марихуана мен оның туындыларының айналымына, сондай-ақ, оқу және ғылыми мақсаттардан басқа құрамында есірткі бар дәрілерді өндіруге қатаң тыйым салынғанын атап өтті.

"Марихуана, гашиш және каннабистің басқа да туындылары халықтың, әсіресе балалар мен жастардың денсаулығы мен әл - ауқатына елеулі қатер төндіретінін ескере отырып, Қазақстан каннабисті бақылау шараларын өзгерту мәселелерінде ойластырылған тәсілдемелерді алдағы уақытта да ұстанатын болады. Осы мәселе бойынша халықаралық қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастықты жалғастырады", - деп қорытындылады ведомствода.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр