"Қазақстан "мамбеттерімен" танымал": Желіде қазақстандықтарды келемеждеген әйелдің ісі сотқа жолданды
Фото: Әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған қарағандылық әйелдің ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағандылық Алика Мұхамадиеваға қатысты іс сотқа "әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша жолданған. Бұл бапқа сәйкес 2000 АЕК-тен (7 864 000 теңге) 7000 АЕК-ке (27 524 000 теңге) дейін айыппұл салу немесе екіден жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.
“Қашып кетпек болған”: Қазақстандық әйел "мамбеттер" туралы қалжыңы үшін екі айға қамалды
Іс Қазыбек би аудандық қылмыстық істер сотында қаралады, негізгі сот отырысы 14 қазанға белгіленген.
Еске салсақ, 2025 жылдың шілдесінде желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған кәсіпкер әйел уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы жазған едік. Алика Мұхамадиеваның ұсталуына, "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға "Мамбетами" деп жауап беруі себеп болған. Сондай-ақ ол қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді "полукалбитский диалог" деп келемеждеген.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
