Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз ісім үшін ұяламын": Threads желісінде арандатушы жазба қалдырған Алика Мұхамадиева сотқа тартылды

Алика

Фото: Stan.kz

Қарағандыда "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға "Мамбетами" деп жауап берген Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот процесі басталды. Тыңдалым ашық режимде өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айыпталушы Алика Мұхамадиева мен оның қорғаушысы журналистерден сот залында оның жүзін фото және видеоға түсірмеуді сұрады. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды. Сот отырысының басында мемлекеттік айыптаушы Фарида Сәдуова процесті жабық түрде өткізуді ұсынды. Бұл ұсынысты айыпталушы мен қорғаушы қолдағанымен, судья Арғын Құтышев өтінішті қабылдамай, соттың ашық форматта өтетінін мәлімдеді. Сот материалдарына сәйкес, Алика Мұхамадиева — жүк жеткізу қызметі мен киім дүкенінің иесі. Ол биыл жазда Threads әлеуметтік желісінде жариялаған жазбалары үшін қоғамның наразылығына ұшыраған. Сотта Мұхамадиева өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Ол көзіне жас алып, жазбаларының салдарын енді түсінгенін жеткізді. Қорғаушысы Тимур Солодуха істі қысқартылған тәртіпте қарауды сұрады. Оның айтуынша, істе жазаны жеңілдететін мән-жайлар бар, ал ауырлататын жағдайлар жоқ.


Қашып кетпек болған”: Қазақстандық әйел "мамбеттер" туралы қалжыңы үшін екі айға қамалды

"Мамбичтер" мен "колхоздарды" жек көреміз": Желіде тағы ұлтараздықты қоздырған Алматының тумасы даудың астында қалды


"Бұл жағдайда ең көбі жазаның екіден үш бөлігі ғана қолданылуы мүмкін. Бұл шамамен 4,5 жыл немесе 12 миллион теңге көлеміндегі айыппұл. Айыпталушы айыппұл төлеуге келісімін берді. Ең бастысы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмаса екен дейді. Ол өз әрекетіне шын өкінеді. Жазбалары қоғамда үлкен резонанс туғызып, мұсылмандардың діни сезімін және қазақ халқының намысын қорлағанын түсінді", – деді қорғаушы.

Сотта Алика Мұхамадиева кешірім сұрады.

"Қоғам алдында, ренжіткен барлық адамның алдында ұялып тұрмын. Әсіресе, мұсылмандар алдында, шын ықыласпен ұдінді станатын адамдардың алдында. Мен ешқашан ешкімді ренжіткім келмеді, бірақ бұл сөздің қаншалықты ауыр тиетінін түсіндім", – дейді Мұхамадиева.

Айтуынша, ол мұны әжесі қайтыс болғаннан кейін және ұзаққа созылған ұйқысыздықтан кейінгі эмоциалық дағдарыс кезінде болған.

"Мен қамауда отырғаныма 86 күн болды. Күнде қызымды ойлаймын. Әкесі келіп, оның түнде оянып, "Анам қайда?" деп сұрайтынын айтты. Оны менімен бірге болу мүмкіндігінен айырғанымды түсінгенім жанымды ауыртады", – деді сотталушы.

Алика Мұхамадиева шілде айынан бастап уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол болған жағдайдың бәрі ол үшін қиын, бірақ маңызды тәжірибе болғанын мойындады

"Мен көп нәрседен сабақ алдым. Мен барлық әлеуметтік желідегі аккаунттарымды жойдым және енді жеккөрушіліктің бір бөлігі болғым келмейді. Енді мен сөйлер алдында ойланудың қаншалықты маңызды екенін білемін", – деп қосты ол.

Келесі сот отырысы 18 қазанда өтеді. 

Еске салсақ, 2025 жылдың шілдесінде желіде қазақстандықтардың ар-намысына тиетін жазба қалдырған кәсіпкер әйел уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы жазған едік. Алика Мұхамадиеваның ұсталуына, "Қазақстан несімен танымал?" деген сауалға "Мамбетами" деп жауап беруі себеп болған. Сондай-ақ ол қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді "полукалбитский диалог" деп келемеждеген. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 14:25
Талқылау