Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күнінде 13 алтын медаль жеңіп алды

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 13 алтын жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/sadaq_atu

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы алтынын құрама қоржынына аударыспақтан Ермек Құралбай салса, 70 келідегі Алмат Ләтіпбек пен Дарын Өткелбай да чемпион атанды. Ал дәстүрлі садақ атудан "Пута" нысанасы бойынша ерлер арасында Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль иеленді. Сондай-ақ қазақ күресінен 48 келіде Айжан Жылқыбаева және 52 келіде Назерке Азаматова жеңімпаз атанды. Сонымен Рауза Нұрмахамметова 56 келіде топ жарса, Бақыт Құсақбаева 60 келіде жеңімпаз атанды.

Ерлер арасында финалға шыққан төрт балуанымыз да алтыннан алқа тақты. Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен қазақ күресінен финалдық кезеңде Бекжан Төлепов (55 кг), Мейіржан Берекетов (60 кг), Дидар Тұқышов (66 кг) және Жұмажан Қожамбеков (74 кг) алтыннан алқа тақты. Одан бөлек, жамбы атудан да спортшыларымыз үздік шықты. Батыр Бексауыт Қазақстан құрамасының қоржынына он үшінші алтын жүлдені салды. 

Айта кетейік, 13 қыркүйекке дейін жалғасатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 261 спортшы қорғайды. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Талқылау