Қазақстан құрамасының бұрынғы хоккейшісі АҚШ-та мэр лауазымына сайланды
Хоккейден ҚР құрамасының бұрынғы ойыншысы Брэндон Боченски америкалық Гранд-Форкс қаласының мэрі сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол аталған қызметте ұзақ уақыт отырған Браунды орнынан сырғытты.
Grandforksherald ақпараты бойынша, бұрынғы хоккей жұлдызы, қазір бизнесмен Боченски тек Браунды ғана емес, қалалық иммиграция қызметінің қызметкері Робин Дэвидті де жеңді.
"Сіз бес ай жұмыс істегенде, осы нәтижеге риза болуыңыз керек. Менің ойымша, қала өзгерістерге дайын болды. Және бұл біз оған әкелген ең үлкен атрибут - өзгерістер және жақсы өзгерістер", - деді Боченски.
Сайлауда Боченски 5663 дауыс жинады, немесе 49,62%. Браунда 3360 дауыс, немесе 31,81%, ал Дэвидте 1989, немесе 17,43% болды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасымен Боченски үш әлем чемпионатында өнер көрсетіп, оның капитаны болды. Ұлттық команда құрамында ол 15 матч өткізіп, 12 (5+7) ұпай жинады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”