Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылды: Альберт Линдердің інісі пікір білдірді

Өз-өзіне қол салған ауыр атлет Альберт Линдердің інісі Семен Линдер Ауыр атлетика федерациясы мен Спорт министрінің қабылдаған шешіміне қатысты пікір блдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі prosport.kz сайтына сілтеме жасап. 

Семен Линдер

"Кеше Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесу болды. Ол біздің сұрақтарымызға бірден жауап беріп, тәртіп орнату үшін бірнеше қатаң тапсырмалар берді. Өз лауазымына лайық емес жаттықтырушыларды қызметінен босатты! Барлығын өз бақылауына алды! Әділ әрі мықты әйел! Мен сізге қайран қаламын және әділдік үшін рақмет! Сізге алғысымды білдіремін!

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетіп, өз бақылауына алғаны үшін рақмет айтамын!..

Достарыма, менің командама алғыс білдірімені. Мұндай қолдау болады деп те ойламадым. Әділдік орнату үшін қиын жолды еңсердік, біз үлкен іс атқардық. Бұл оңай болмады. Шындық үшін күрессе, әділдік орнайтынын дәлелдедік. Мен әр қайсыңызды бағалаймын және жақсы көремін. Барлықтарыңыз үздіксіздер және ерекшесіздер. Жанымда осындай адамдардың болғанына Құдайға шүкір", – деп жазды Семен Линдер өз Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған едік. 
 

Талқылау