Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсыластарына есе жіберді

Қытайдың Чэнду қаласында үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты басталды. Осы жарыстардың ашылу матчында Қазақстан құрамасының теннисшілері Германия ойыншыларынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.  

Әлемдік рейтингте 28-ші орында тұрған Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Бенедикт Дудамен кездесті.

Қарағандылық спортшы 4 партияда жеңілді, есеп: 1:3. Басқа отандық спортшылар да қарсыластарын жеңе алмады. Денис Жолудев Данг Киуға — 0:3, Алан Құрманғалиев Рикардо Вальтерге (74) — 0:3 есебімен есе жіберді.

Қазақстан құрамасы келесі ойынды 1 қазан күні 2022 жылғы әлем чемпионатының ашылу кезеңінде француздармен өткізеді.

Талқылау