Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы соккадан халықаралық турнирде жеңіске жетті

29 наурыз бен 2 сәуір аралығында Кишиневтегі (Молдова) жағажай футбол аренасының көгалында Socca EuroCup матчтары өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Финалда Қазақстан құрамасы 3:3 (буллиттер сериясы - 2: 1) есебімен Румыния құрамасын жеңді.

Бұған дейін турнирде Қазақстан құрамасы Хорватияны (3:2), Венгрияны (4:1), Францияны (2:1) жеңіп, хорваттармен (0:0) тең ойнады.

applewin

Сокка – ойыншылардың саны мен алаңның көлемімен ерекшеленетін шағын футболдың бір түрі. Матчтар алты ойыншыдан, 20 минуттан екі таймда өтеді.

Талқылау